Меню KDT

logo.png?_=1610592031

КГУ «Средняя школа №7»
КГУ «Отдел образования г. Петропавловска»
 КГУ «Управление образования акимата СКО»
  • kz
  • ru
  • en
  • Мольдинова Лаззат Маратовна

             Тәуелсіздік алған тұстап бері қазақ бауырларымыздың беті бері қарап, олардың тарапынан балаларын қазақ мектептеріне беруге сұраныс туа бастады. Осыдан 20 жылдай бұрын облыс орталығындағы қазақ мектептерінің қатары тым аз болса, бүгінде бұл жағдай біртіндеп оңынан шешіле түсуде. 
                Солардың бірі- қаламыздың қақ ортасында ораналасқан №7орта мектеп. Оқу ордасында 2008 жылдары  қазақ тілінде білім беретін 2 даярлық сыныбына қоса бастауыш сыныптары болды. Міне, өткен жылдармен  салыстарғанда мектепте  қазақ тілінде оқитын балалардың қатарының көбейгендігі қуантады.Сол жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін Мольдинова Лаззат Маратовна бастауыш сыныпта оқыту әдістемесін жоғарғы деңгейде меңгерген ұстаз қызымет жасап келеді. Еңбексүйгіштік, оқытуға деген шығармашылық ұстаным –мұғалімге тән қасиеттер. Лаззат Маратқызының сабақтары өзінің нақты ұйымдастырушылығымен, ғылыми тереңдігімен, қисынды қорытындылауы-мен ерекшеленеді. Оқушы білімін тексеруді іскерлікпен жоспарлай отырып , басты істерге асқан жауапкершілікпен қарайды. Ол оқу үдерісіне оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында еңбек етеді. Ол  оқушы білімінің жақсы деңгейде болуына қол жеткізді.
            Оқушылары республикалық,облыстық, қалалық сайыстарға,олимпиадаларға, қатысып, жүлделі орындар алып жүр. 2012,2014ж. «Бала Барыс» қалалық олипиадасының 2 орын жүлделі орындары, 2013ж. Облыстық ғылыми жобаның 2- ші дәрежелі жүлдегері,2015-2017жж. Республикалық қашықтық олимпиадалардың жеңімпаз 1,2,3 орынға ие болған оқушылар баршылық. «Пони», «ЧиП»  Халықаралық турнирінде әр кезең бойынша сапалы жеңімпаздары бар.
             Лаззат Маратовна 2009 жылдан бастап «Өзін – өзі тану» пәнінен сабақ беріп келеді. 2012 жылы «Өмір ұстазы болу- борышым» фестивалі «Өзін – өзі тану» пәні үздіксіз білім жүйесіне енгізу үдерісіне белсене қатысып, Қазақстан Республикасының жас ерекшеліктеріне рухани – адамгершілік білім беруге қосқан үлесі үшін» және шеберлік сынып көрсеткен үшін «Бөбек» ҰҒПББЖСО арнайы дипломмен марапатталды. Осы сияқты қалалық және облыстық мақтау қағаздары баршылық. 2012ж. Құрмет грамотасы «Облыстың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін» СҚ ОББ. 2012ж. Құрмет грамотасы «Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі үшін» СҚ ОПҚБББ. Баспа беттеріне өзінің іс – тәжірбиелерімен бөлісу барысында «Менің инновациалық сабағым» атты Халықаралық оқытушылар сайысының 2-ші орыға ие болды.
          Ұстаз оқу материалының жүйелі түрде бөлінуіне,ойлау,тілін жетілдіруге үлкен көңіл бөледі. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп,білімі мен өнегесін оқушыларына арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды.
              Өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау жолында тынбай еңбек етіп, әр уақытта өз білімін де шыңдауда. 2013ж. «Бөбек» ұлттық ғылыми – практикалық білім беру және сауықтандыру орталығында (негігі деңгей) Алматы қаласы. 2015ж. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады.
           Ата-аналары да білім беру жағдайына көңілдері толатынын айтады. Олар балаларымыздың қазақшаны үйреніп, ұлттық рухта тәрбиеленіп жатқанына қуаныштымыз -деп ағынан  жарылуда. Шыр етіп дүниеге әкелген анамыздан кіндігіміз қашан кесілсе, сол сәттен бастап осы ана тілінің қасиетін бағалап, оны өркендету жолында тынымсыз еңбек ету мақсатын алға қойған ұстаз.

    Послание
    Президента

    prez_img.jpg?_=1567482746

    ЕДИНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОНТАКТ-ЦЕНТР

    Блог руководителя

    О Государственных символах РК

    Проект "Рухани жаңғыру"

    Республиканская акция "Балаға лайк"

    Электронное правительство

    Телефон доверия

    Акция "От двери к двери"

    Запрет подарков

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Пайдалы сілтемелер