Меню KDT

logo.png?_=1610592031

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ "№ 7 орта мектеп" КММ
  • kz
  • ru
  • en
  • Барлық жаңалықтар

    Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр


    Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр
    Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.
    Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
    Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
    ✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті.
    ✔️Мемлекет басшысы бүгінгі күннің символикалық мәніне назар аударды. Дәл осы күні, яғни, 2014 жылы 29 мамырда Қазақстан елордасында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған болатын.
    – Бұл уақиға еуразиялық интеграцияның маңызды кезеңі ретінде есте қалды. Одақ құрылған сәттен бері еуразиялық «бестіктің» басты ынтымақтастық алаңына айналды. Осыған орай барша әріптесімді Еуразиялық экономикалық одақ күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бірлестік одан әрі дамып, елдеріміз бен халықтарымыздың игілігіне қызмет ете берсін! Бүгінгі шағын форматтағы кездесу барысында біз сыртқы саудаға, жасанды интеллектіні дамыту бастамаларына қатысты маңызды мәселелерді талқылаймыз. Бұл туралы мазмұнды әңгімеміз кеше экономикалық форум аясында басталды. Жиынымыз әдеттегідей конструктивті сипатта өтіп, өзара тиімді шешімдер қабылданатынына сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.
    Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Кеңес отырысына Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
    29.05.2026
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президенттің
    жолдауы

    prez_img.jpg?_=1567482746

    БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

    Директордың блогы

    ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы

    «Рухани жаңғыру» жобасы

    «Балаға лайк» республикалық акциясы

    Электрондық үкімет

    Сенім телефоны

    «Есіктен есікке» акциясы

    Сыйлыққа тыйым салу

    Пайдалы сілтемелер